ВЕРНУТЬСЯ

Қайран Жақсыекең

    Сасықкөлдің құлағынан өткенімде күн батты. Енді қоналқалық
жер іздеуге тура келді. Жол бойында көгалда бір ойпатта шөпшілер бар екен.
Солардың қасына тоқтайын деп едім, маса көп екен. Шөпшілер бір қосын маған босатып та бермек болды. Бірақ балалардың ұйықтай
алмайтынын да ескертті. Амал жоқ, ілгері жүруге тура келді. Көп кешікпеді, жол
езуінде бір мал қорасы көрінді. Қасында тігулі екі киіз үй. Жер ошақта лапылдап
жанған от. Келсем от басында жасамыс әйел жүр. Құрақ ұшты.
-        Ойбай-ау,

Күпілік

    Бұдан біраз жыл бұрын шалғай ауылда тұратын жас талапкерден хат алдым. Ренішті хат. Бәйге алған повесі альманахқа басылмағанын жазыпты. Бәйге береді де баспайтыны қалай? — Ренжімегенде қайтерсің.

Әкем туралы соңғы сөз

    Менің әкем сексен жетіге қараған шағында бір мың тоғыз жүз
сексен үшінші жылы сентябрьдің төрті күні дүние салды. Сентябрьдің жетісі -
сәрсенбі күні жамбасы жерге тиді. Соңғы отыз жылда қыс айларының денін қалаға,
бізге келіп өткізетінді. Бірақ кейінгі үш-төрт жылда жүріс-тұрысы ауырлап
Алматыға келе алмады. Сол себепті жәй-күйін білмекке, сәлемдеспекке ауылға өзім
барып жүрдім. 
         Бір мың тоғыз
жүз сексен бірінші жылы барғанымда тың еді. Көңілі де тетік, жүріс-тұрысы да

Көктөбелде бір зират...

     Қырымды жұрт жердің жәннаты десе, Көктөбелді жәннаттың ішіндегі жәннәт деу керек. Арғы жағы теңізге сұғынып тұрған Феодосия болса, мына жағында әлде бір сиқырлы да тылсым күштің екпінімен Қаратеңіздің жарлауыт қабағынан атыла шығып, Қырымның көз жанарындай мөлдір аспанына шаншыла тұрып қалған Қарадағ (Қаратау). Кейде Қаратеңіз сабасынан шығып буырқанып кеткен кезде де, балапан толқындары болар-болмас қаймақшып, Көктөбел бұғазы күн нұрына малынып тек жатады.

Страницы