ВЕРНУТЬСЯ

Үй ішінен үй тіккен

    Мен осы сапардан оралғанда Өскеменнен шығып тура Аягөзге
түстім. Бірақ уәделі уақыттан екі сағат кешігіп, кештетіп келгенім. Сөйтсе де
күтіпті. Аягөз аудандық партия комитетінің бірінші секретары Нұралинов Енжиһан
сыпайы да сабырлы кісі екен, бұл ауданда қанша болатынымды сұрап жатыр.
        Менің бар
тілегім - қонып шығатын жер тауып берсеңіз дегенге ғана саймақ. Әрі Алматыға
асар жол үсті болса, құба-құп. Рульде өзім. Шаршап келе жатқан жәйім бар. Ертең
қалаға жетуім керек.

Тахауи көпірі

      Жазушылар одағының барында айнала отырған жігіттерді аузына қаратып Ахтанов Тахауи әңгіме айтып отыр:
— Рульде өзіммін. Медеу бетке шықтым да, Кіші Алматы өзенінің арғы бетіне өтейін деп келсем, ағаш көпірдің төсеніш тақтайлары алынып тасталған... Алдымда аралары ат шаптырым, бой-бой болып көпір арқалықтары жатыр. Енді не істеу керек? Машинадан шықтым. Үңіле қарап екі бөренеге көңіл аударғаным.

Қулықтың құны

    Бізде Залман Михайлович Танхимович деген орысша жазатын
еврей жазушысы болды. Екеуміз көрші тұрдық. Екеумізде де машина бар. Екеуміздің
де темір гаражымыз үй жанында. Өзіңнің машинаң болса, машинаң болғаннан кейін
гаражың үй қасында тұрса, алшыңның оңынан түскені дей бермейсің бе! Әрине
Танхимович та, мен де солай ойлаймыз. Тағдырға дән ризамыз.
         Екеуміз күнде
гараж алдында кездесеміз де телпегімізді көтерісіп амандасамыз. Езуімізді
құлағымызға іліп тастап мәз болысамыз:

Қараңғы түнде тау қалғып

     Ұлы Абайдың кәрі Шыңғыстауы өткен жылы тағы бір оқиғаға куә болды. Ұлы неміс Гете... Өрен орыс, Лермонтов... Дана қазақ Абай... Бұлар бірін-бірі әсте көрмеген, бірі бірімен әсте кездеспеген жандар. Көзінің тірісінде кездесе алмаған өнердің осы үш алыбы бір мың тоғыз жүз сексен төртінші жылы Қарауылда бас қосты.

Страницы