ВЕРНУТЬСЯ

Жар болған мұрын

   Ертерек жылдардың бірі. Қазақстан Жазушылар одағының проза
секциясын басқарып жүрген кезім. Бастығымыз - Ғабиден Мұстафин. Жауапты
секретарь - Сейтжан Омаров. Біз бір бөлмеде төрт-бес консультант отырамыз.
Қайңекей Жармағанбетов - балалар әдебиетін, Хамит Ерғалиев - поэзияны, Аманжол
Шамкенов - жастар әдебиетін басқарады. Қалтай Мұхамеджанов драматургия
секциясында.
       Шынымды айтсам,
осылардың ішіндегі ішкі тәртіпке мойын ұсынғыш Аманжол екеуміз.
       Күнделікті

Сәулем, сәулем, сәулемсің...

     Бір мың тоғыз жүз алпыс тоғызыншы жылы екі француз әйелі Алматыға келді. Орыс тілінің маманы Дени Лили мен Анн Филипп. Кәдімгі франңуздың даңқты артисі Жерар Филипптің жұбайы.
  Қазақ жазушыларына қонаққа келген осы екі әйелді он шақты күн мен алып жүрдім. Су тасқыны бұзып кеткен Есіктің көліне апардық. Жайлауды көрсеттік.

Өлердегі сөз

    Қайнекей Жармағанбетовтің «Ара» журналында редактор кезі. Кабинетінде
бір топ жазушы отырғанбыз, телефон
шылдырады. Қайнекей трубканы көтерді де өңі бұзылып сала берді.
-        Мұқан
Иманжанов қайтыс болыпты...
        Сол бойда біз
бәріміз де салып отырып ауруханаға бардық. Шағын ғана палата. Көрпемен ұқыпты
қымталған Мұқаңның көзі жұмулы жатыр екен. Арса-арса қу сүйек қана болса да,
өңі онша өзгермеген, ұйықтап кеткен адам секілді. Орта жастан асқан орыс нянясі

Тіршілік дәнекерлері

     Қазақта — есепті дос айрылмас, — деген мақал бар. Біреуден алған, біреуге берген ауыс-түйіс нәрселеріңді хаттап, тізіп жүрсең, қайырып беруіңе де, қайтарып алуыңа да жақсы. Сонда ешкімнің көңілін қалдырмайсың. Өзің де ешкімге өкпелемейтін боласың, — деген уағыз ғой даналық негізі. Бұл — мәселенің бір жағы.

Сәлем хат

        М. деген жолдас
қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында бізбен қатарлас оқып, елуінші
жылдардың бас кезіңде бітіріп шыққан болатын.
          М.
жатақханада жатады. Қасындағы балалар ұйықтады-ау деген кезде тұрып алып хаттар
жазады. Кімге дейсіз бе? Достарына... мектепте бірге оқыған қыздарға... Әрине
әке-шешесіне жазады ғой.
         Көңілі арманға толы жас жігіт сәлем
хатын: Қадірлі Әке!!! - деп үш леп белгісін қойып бастайды ғой әлбетте. - Қадірлі

Страницы