ВЕРНУТЬСЯ

Мені қалай үйлендірмек болды

    Сөйтіп менің Түмен қаласына келгеніме де біраз уақыт болып
қалды. Басында қан сорпасы шығып жатқан батысқа жібермей, шығысқа аттандырғаны
несі деп күдіктенген де едім. Бірақ Түменде де қуанатындай ештеңе жоқ екен. Республиканың солтүстігіндегі қазақтар
«Түмен», «Түмен» - деп аузынан тастамаушы еді. Екі сөзінің бірінде «Түменге
кетіпті» «Түменнен келіпті», - деп отыратын-ды. Сөйткен Түмені үлкен бір деревнядай
ғана. Қаланың бар байлығы сазы мен қалаға сұғына кірген карағайлы орманы. Тас

Әкімдер арасында келген ой

        Мен бір жолы
лауазымы жоғары жолдастың үйінде қонақта болдым. Бұл дүниеде ешнәрсеге мұқтажы
жоқ, жақсы киінген тығыншықтай еркектер мен қарынды келген әйелдер. Ойыны ойын.
Күлкісі күлкі. Отырыс-тұрысы да, сіз-бізі де дұп-дұрыс. Көзге ұратын паңдық, жә
болмаса әкімге тән кіділік-кекірттіктің нышаны да жоқ. Жасы үлкендерін төрге
шығарып, лауазымы жоғары болса да жасы кішілері кейіндеп отырып жатты.
       Қымбат француз
иісмайларын бұрқыратқан қарынды әйелдер әңгіме бастады:

Жаратқан неге шамданды?

    Атын сәл өзгертіңкіреп алып отырған бұл жолдас талай-талай кітап шығарған кісі. Бірақ өлең жазып, кітап шығаратындардың бәрі бірдей ақын емес. Аласы да, құласы да бар олардың ішінде. Жаратқан да сол ала төбелдің бірі.
  Ол ұзақ жыл өлең жазды. Жүре бара тиіп қашып прозаның да жайылымына түскені. Шынымды айтсам, өлеңдерін ұнатпайтынмын. Өйткені көңіліңе ұялар бір жол болмайды. Қара байырдың жәй текірегі ғана. Ал мына прозалық шығармасының жілігі татитын секілді.

Менің жұбайым

       Менің
жұбайымның аты - Бағдат. Алматының орталығындағы бір орыс мектебінде ұзақ жыл қазақ
тілінен сабақ берді.
- Мақсатым - тіл ұстартып өнер шашпақ, - деп ұлы Абай
айтпақшы қазір пенсияға шыққан жолдасымның да мақсаты осал болған жоқ: орыс,
татар, жебірей мен неміс, ұйғыр мен карей балаларын былай қойғанда, өзінің ана
тілін ұмытып бара жатқан қазақ балаларының да жиырма бес жыл бойы табан
аудармастан тілін сындырып келді. Егер Алматы көшесінде қазақша сөйлесіп бара

Қалижанның әңгімесі

       Қалижан
Бекхожин етене жақын адамымен ренжісіп қалыпты да Қазақтың республикалық
тұтынушылар одағының демалыс үйіне кеткен. Көп кешікпей жаңағы жақын кісісі
соңынан келген ғой. Қасында кім бар дейсіз бе? Қасында тап Бауыржан Момышұлының
өзі. Ниеті керемет - өкпелесіп қалған екеуін табыстырмақ.
       Қалижан
әңгімесі мынадай:
- Менің де оңып тұрған қай мінезім бар. Бауыржан:
алай-бұлай, - деп келе жатыр еді, тыйып тастадым; бұл мәселеде сен де ақыл

Страницы