ВЕРНУТЬСЯ

Брнода кездескен қыз

    Чехословакияда Прагадан кейін Брно қаласына келдік. Бес жүз
мың халқы бар тарихи бұл қаланың ең алдымен көзге ұратын кереметі - тазалығы.
Сағат бестен кейін қала ортасындағы бір алаңды апарып көрсетіп еді, жыпырлап
жатқан столдарға көзім түсті. Мен басында кітап сататын базар екен деп қалғам.
Сұрастыра келсек, көкшін базар екен. Жеміс-жемсін, көкшінін сатып болған жұрт
тарап болған шақ. (Жемсін. Көкшін - Ісләм Жарылғапов туындатқан жаңа сөздер. Жемсін
- овощ. Көкшін -зелень.) Ғажабы - шашау жатқан бір нәрсе жоқ. Жеміс-жемсін,

Ұялғаным-ай...

    Қыс мезгілі. Жаяу бүрқасын бар. Бұл күнде тоған астында қалған аудан орталығы Марьевкадан күн бата шыққанмын. Жадағай шанада менен басқа облыстық газеттің тағы бір қызметкері. Бетіміз он-он бес шақырым жердегі шағын ауыл. Онда мен әлі көрмеген бір туысым тұрады.

Түмендегі Сәрсенбай

         Бұдан бұрын
«мені қалай үйлендірмек болды» атты әңгімемде айтқанымдай мен Түменге кешеулеп
аттандым. Сібірдің осы бір қаласы өкпе тұстан біздің ауылға онша қашық та емес,
сол себепті Петропавл, Омбы аркылы айналып поезбен жүрмей, атпен тура тарттық.
         Әкем еңбегіне
алған бидайды диірменге тарттырып, арбасына бес-алты қапшық ұн салып алды. Біз
бір апта жүріп Түмен қаласына келдік. Онда соғыс кезінің қиындығына қарамастан

Алтын тіс

     Бір кезде М. деген кісімен біз көрші тұрдық. М. жауапты қызметтерде болған, кейін газет-журналдарда істеген тыңғылықты да тыныш, сабыр иесі. Не ұсыныс, қандай әңгімені болса да темекісін сора тартып, түтінін аспанға будақтата шығара отырып асықпай тыңдайды. Жау шапса да айнымас қалпы осы.

Жақсы келін

     Солтүстік Қазақстанның шалғайында жатқан осы бір «Талпын»
атты шағын ауылға келе қалсам, мына бір аласа үйге кірмей кете алмаймын. Онда
қарт ана бар, қадірлі ана - Меруерт. Меруерт десе меруерттей.
      Сәл еңкіштеу
келген аласа бойлы, етжеңді адам. Менің есімде қалғаны - қияпатты ақ жүзіндегі
үлкен меңі, көк күмбездей алыстан көз тартатын көкке салған кіршіксіз таза
жаулығы мен шаршысы. Бара қалсаң айналып-толғанатын, «жұрағат қой» деп маңдайымнан
иіскейтін, барын алдыма әкеп қоятын.

Страницы