ВЕРНУТЬСЯ

Нұрқанның көйлегі

     Нұрқан Тоққожаұлы — менің аталас ағам. Қаршадайынан ат жалын тартып мініп ел басқарды, шаруашылыққа араласты. Бір сөзбен айтқанда жиырмасыншы, отызыншы жылдарғы ауыл өміріндегі ұлы өзгеріс, бет бұрыс оқиғалардың шүйгінінде жүрген белсенді еді.

Ат бермеймін - акт...

     Тепеннің Шорасы келісті келген қара мұрт кісі еді. Өсек-аяң, қақ-соқпен айналыспас бір тоғаның өзі. Жалғыз міні — аққабақтау, тез ашуланатын да, тез қайтатын-ды. Жоқ жерде шартпа-шұрт болады да, қас қағымда жайылып қалады. Шора қара жұмысқа да икемсіз. Өйткені жиырмасыншы жылдардағы тікаяқтардың бірі.

Көкпарға тайынша тартқан

         Бұдан көп жыл
бұрын Қапшағай теңізінің арғы бетіндегі Шеңгелді совхозындағы бір шаруа
адамынан соғым алатын болдым. Рульде өзім. Қасымда қонаққа келіп жатқан әкем
бар. Біз совхозға сәске түсте келдік.
         Ашық шарбақта
жем жеп жүрген он шақты жылқы. Қайсысын таңдасақ та өз өіркіміз. Жасынан жылқы
бағып, мал арасында өскен қария жылқы ішінде біраз жүрді де, жүген-құрық тимеген
бір семіз байталға айдар тақты. Жылқышылар қақпайлап жаңағы байталды шығар қақпаға

Жол керуені

       Мен үндемедім.
Себебі - сайланғаным кеше ғана. Комсомол ұйымының жұмысын да әлі қабылдап алған
жоқпын. Сол жауапты жұмысты қабылдамай жатып, керек десен хатшы креслосына
отырмай жатып елге командировкаға шығуым керек?..
        Аз-кем
үнсіздіктен кейін мен айтқан болсам керек.
-        Петр
Матвеевич, комсомол жұмысына бармаймыншы десем де, еркіме қоймадыңыз, енді
сайланғаннан кейін аздап болса да комитеттің жұмысымен танысуым керек емес
пе?!.      

Страницы