ВЕРНУТЬСЯ

Бопаш пен Бәйміш

      Бопаш - менің
немере нағашы ағам. Әзілге жүйрік адырақ көз қара жігіт еді. Бәйміш - соның
құрдасы. Екеуі бір ауданда қызмет істеді. Құрдас болған соң екеуінің бір-біріне
әзілі қатты. Әрі жарасты да.
        Бопашта жасы
тоқсаннан асқан шеше бар. Көзілдірік дегенді білмейтін. Инеңізді былай сабақтай
беретінін өзім де талай кергенмін. Бірақ Тұрғын әжемнің құлағы естімейді. Тас
керең. Ал Бәйміште жасы тоқсаннан асқан әке бар. Оның құлағы естігенмен, көзі
көрмейді.

Күнкөріс пәлсапасы

     Бір мың тоғыз жүз елу үшінші жылдың декабрь айының орта кезі
еді. «Әдебиет және искусство» журналында істеп жүргенмін. Ойда жоқта бөлмеме
Белгібай Шалабаев кіріп келді. Қолында баспадан жаңа ғана шығып,
кітап дүкендеріне түсе бастаған менің кітабым -«Болашаққа
жол» романы:
-        Шәкірті жазған
мына кітабын алып құттықтайын, деп ұстазы әдейі келді.
       Бір кезде бізге

Кәрі күйеу

          Қалада да,
далада да Бауыржан Момышұлы туралы әңгіме көп. Соның бір парасы батырдың
мінез-құлқы, жүріс-тұрысы жәйлі болып келеді.
       Біреулер
оны тік мінез, қатыгез, тентек деп түсінеді. Рас, Бауыржан қойдан қоңыр, жылқыдан
торы періште жан болмайтын. Сөйтсе де «Бауыржан маған қиянат жасады» - дегенді де
жер бетіндегі бір пенде айта алмайтын шығар. Шындап келгенде Момышұлы баладай
пәк, жаны таза, ары таза, әрі сондай нәзік, басқаның жан дүниесіне үңіле білетін

Құлақ туралы екі қайырма

    Қожықов Мүсілім екеуміз Қазақ университетіне келіп түскен
соң алғашқы лекцияның үстінде таныстық та достасып кеттік. Ол өзі аса сыпайы,
бауырмал, мырза жігіт.
         Бірінші семестр
бітісімен туған ауылы - Арысқа қонаққа шақырды. Бұл жақ Қазақстанның солтүстік
жағына қарағанда бай келеді екен. Мал көп. Екі жүз, үш жүзге дейін қой, он
бес-жиырма қара мал, он шақты жылқыны екінің бірі ұстайды. Сөздің рәсімі анау базарға пәлен бас мал
айдады. Мынау түген бас...-  деген
секілді болып келеді.

Страницы