ВЕРНУТЬСЯ

Скопен паркі

    Югославия астанасы Белградтан қырық шақырым жердегі Крагуебац сондай кішкене қала. Кішкене болса да күні бүгінге дейін даңқы зор. Осы елге келген шетелдіктер бұл қалаға бір соқпай кете алмайды. Себебі —іргесінде жиырма-отыз шақырымдай орамды алып жатқан атақты парк бар. — Скопен паркі. Бізше — Үлкен парк. 
  Скопен паркі жұртты не кереметімен қызықтырады. Кереметімен қызықтырмайды. Басынан өткен қайғысымен, қиын-қыстау заманда көрсеткен ерлігімен тартады жұртты өзіне.

Кузминична

     Бір мың тоғыз жүз елу екі - бір мың тоғыз жүз елу үшінші
жылдары біздің көркем әдебиет баспасы сондай қауметсіз болатын.
        Неге екені
белгісіз, тиесілі қалам ақыңды айлап жүріп ала алмайтынсың. Ақша бөлісетін күні
ертемен келіп кезекке тұратынсың. Жасы бар, жасамысы бар бірін-бірі кеудесімен
итеріп кассирге ұмтылған халықты көретінсің.
        Сондай бір
күн. Өлдім-талдым дегенде менің де кезегім жетті-ау! Айнала жұрт қоршауында

Сәбиттің тапқырлығы

     Жазушылықтың бір белгісі — фантазияның молдығында. Қиялға бай жазушы құлағы қылтиып тұрған болмашы бірдеменің өзін де бері суырып алып өзінше түрлендіріп, әдемі де нанымды кейіпке келтіріп мүсіндеп шығара алады.

Өнердің бір түрі...

    Әр халықтың дүние танымы әрқилы. Сол себепті олардың өмір
құбылыстары жөніндегі көзқарастары да, адамның іс-әрекет, қимылдары жайындағы
ұғымы да, қабыса бермейді. Айталық, Сібірге жер аударылған
декабрьшілердің соңынан еріп барған әйелдеріне қаншама кітап
арналды?! Қанша мадақ сөздер айтылды?! Ол әйелдердің Сібірге баруын бүкіл халық
болып ерлік деп қабылдады ғой.
        Ал қазақ үшін
осы әйелдердің бұл ісінде ешқандай ерлік жоқ. Қүнделікті тірлікте күйеуі

Тұтқында қалған сөз

        Бір ғажабы,
Жазушылар одағына кім болса, сол үйір. Келіп кететінде, жаудыратып хат
жазатындарда қисап жоқ. Және сорттары бөлек. Даңғойлары мен бөспелері...
тағысын тағылары. Бұлар жазғандарын кешіктірмей бастыруын, кітап етіп шығаруын
талап етеді.
       Осы ретте
одақтың поэзия секциясының алшысы оңынан түскен десең де болғандай. Белбеуіңді
бір жұма бостау тартсаң, хаттар таскынына тұншығып каларың қақ.
          Поэзия

Страницы