ВЕРНУТЬСЯ

        Бір ғажабы,
Жазушылар одағына кім болса, сол үйір. Келіп кететінде, жаудыратып хат
жазатындарда қисап жоқ. Және сорттары бөлек. Даңғойлары мен бөспелері...
тағысын тағылары. Бұлар жазғандарын кешіктірмей бастыруын, кітап етіп шығаруын
талап етеді.
       Осы ретте
одақтың поэзия секциясының алшысы оңынан түскен десең де болғандай. Белбеуіңді
бір жұма бостау тартсаң, хаттар таскынына тұншығып каларың қақ.
          Поэзия
секциясын Хамит басқаратыны бұрынғы әңгімеден белгілі. Мен аман-есен проза
секциясында жүріп жатырмын. Хамиттың жасы үлкен. Бірақ проза* секциясының жолы
үлкен. Сол себепті бір бөлмедегі бес консультантқа ортақ жалғыз телефон менің
үстелімде.
        Телефон
безілдей қалды. Мен құлағын көтердім. Жарықшағы көп барлыққан еркек даусы:
-        Маған Хамит
Ерғалиевтің өзі керек.
-        Өзі керек
болса, өзі міне...
         Телефон құлағы
Хамитқа көшті. Жақын отырғандықтан барлыққан дауыс маған да айқын естіліп жатыр.
-        Хамит Ерғалиев
сенсің бе?
-        Ия, мен...
Тыңдап тұрмын.
-        Жоқ, сен Хамит
Ерғалиев болсаң, тыңдама! Далаға шық!
-        Сен, сен деп
тақылдап тұрған бұл кім өзі?
-        Мен бе? Мен
өзіммін. Далаға шық! Шығасың ба, жоқ па?
          Анау
дікілдеп әкетіп бара жатқан соң, Хамит бір саты төмен түсейін деді:
-        Далаға
шыққанда қайда барамыз?
-        Гоголь мен
Пролетар көшесінің түйіскен жерінде тұрамын.
-        Мен сені
танымаймын ғой?
-        Танитын
боласың...
-        Қайтіп?
-        Менің үстімде
кір-кір майке. Қолтығымда жарты бөлке қара нан.
Қайдағы бір тентекпен тәжікелесіп тұрғысы келмеді ғой
деймін, адуын Ерғалиевтың өзі далаға шығып кетті де, әлгіндей болмай-ақ жаңағы
майкешең жігітті ертіп келді.
-        Өлең жазады
екен. Ақын болған соң ағаларына жасаған еркелігі. Ал нең бар? Қане оқиық.
          Майкешең қара
жарты бөлке нанды үстелдің шетіне қойды да, шалбарының қалтасынан мыж-мыж
қағазын суырды. Хамит оқи бастады.
-        Мына жолың
тамаша. Мына бір жолың да жақсы екен. Ал мына бір жолың... - деп Хамит
күмілжіңкіреп отырып, әлде бір сөзді қолындағы қарындашпен қоршауға ала
бастағанын өзі де байқамай қалғаны.
        Майкешең қара
ұшып түрегелді. Өңі бұзылып кеткен. Дір-дір етеді.
-        Қараптан қарап
отырып сөзімді қамап тастадың ғой. Ал енді не болды? Босат сөзімді тұтқыныңнан!
           Қамалып
қалған сөзді жөппелдемеде қалай босатудың ретін таппаған Хамит пұшайман.
Майкешең қара тықсырып барады:
- Почтамен жіберсең, жоғалтасыңдар. Өзің алып келсең, қамап
тастайсыңдар. Өздерің не қылған адамсыңдар?! Босат деген соң босат деймін
сөзімді тұткындарыңнан!
        Дес бөргенде
біреуміздің есімізге сөзді «тұтқыннан» қалай босатудың амалы түскені. Мен
жүгіріп барып машннисткадан резинка алып келдім. Дағдарған Хамит өзі салған
қоршауды өшіріп, қолтығында жарты бөлкесі бар майкешең батырдан зорға дегенде құтылғаны...