ВЕРНУТЬСЯ

      Бопаш - менің
немере нағашы ағам. Әзілге жүйрік адырақ көз қара жігіт еді. Бәйміш - соның
құрдасы. Екеуі бір ауданда қызмет істеді. Құрдас болған соң екеуінің бір-біріне
әзілі қатты. Әрі жарасты да.
        Бопашта жасы
тоқсаннан асқан шеше бар. Көзілдірік дегенді білмейтін. Инеңізді былай сабақтай
беретінін өзім де талай кергенмін. Бірақ Тұрғын әжемнің құлағы естімейді. Тас
керең. Ал Бәйміште жасы тоқсаннан асқан әке бар. Оның құлағы естігенмен, көзі
көрмейді.
        Екі дос
құрбылар әзілдеспей ме:
-        Сенде
тоқсаннан асқан әке бар. Құлағы естиді де, көзі көрмейді.
-        Сенде
тоқсаннан асқан ана бар. Көзі көреді де, құлағы естімейді.
-        Екеуі де жарты.
Екі жартыны қоссақ, бір бүтін шықпай ма? Жалғызсыратпайық.
-    Қоссақ қосайық.
Бір жұма сенің үйіңде, бір жұма менің үйімде шалқақтап жүрсін де балаларының арқасында.
-      Қосайық дейсің,
шешең көнбепті ғой, бірақ.
-        Қайтіп?
-        Менің әкем
қасына шалдарын ертіп жол-жоралғысымен құдалыққа барып: ұрын келдім деп қанша айқайласа
да, шешең естімей қойыпты.
- Әй, сенің әкең де оңып тұрған жоқ-ау! Менің шешем
кемпірлерін ертіп барып: балаларымыз дос еді, біз де дос болып жүрейік, - десе
қарамай қойыпты...
        Қандай жарасты
әзіл, қандай тапқырлық!..