ВЕРНУТЬСЯ

    Чехословакияда Прагадан кейін Брно қаласына келдік. Бес жүз
мың халқы бар тарихи бұл қаланың ең алдымен көзге ұратын кереметі - тазалығы.
Сағат бестен кейін қала ортасындағы бір алаңды апарып көрсетіп еді, жыпырлап
жатқан столдарға көзім түсті. Мен басында кітап сататын базар екен деп қалғам.
Сұрастыра келсек, көкшін базар екен. Жеміс-жемсін, көкшінін сатып болған жұрт
тарап болған шақ. (Жемсін. Көкшін - Ісләм Жарылғапов туындатқан жаңа сөздер. Жемсін
- овощ. Көкшін -зелень.) Ғажабы - шашау жатқан бір нәрсе жоқ. Жеміс-жемсін,
көкшін дегеніңнің ізін тапсақшы. Көкшін базар дегенге зорға сендік.
        Брноның тағы
бір ерекшелігі: он тоғызыпшы ғасырдағы бүкіл Европа халықтарының тағдыры
шешілген ұлы жорықтардың жол торабында жатқандығы. Онда Наполеон келіп
тоқтаған. Кутузов армиясының да аялдаған жері осы. Қала тұрғындары тарихи осы
жайларға мән береді екен. Соның айғағы: Наполеон мен Кутузов түскен үйлер
қабырғаларындағы гранит тастарға қашалған жазу-ескерткіштер. Бұл қала - жер
бетіндегі тіршілік деп аталатын ғаламат құбылыстың бірінші болып сырына үңіліп,
биология ғылымының жаңа тармағы - генетикаңыздың негізін қалағаи ұлы ғалым Мендельдің
туған жері. Чех халқы өзінің ұлы перзентін мақтан тұтатындығы - оған арналған
музейден танылмақ.
         Келген
адамдар тамашалайтын ғимараттар да көп. Соның бірі - әулие Жақып костелі.
Жүріс-тұрыстан қолым босаған бір сәтті пайдаланып мен сол костелге кірдім. Қабырғалары
мен төбесіне не бір керемет суреттер салынған ұзын да кең залдың сахна іспетті
бас жағында неке қию секілді бір рәсім жүріп жатыр.
       Кіре беріс сол
жақта кішкене үйшік. Ашық тұрған әйнекшесінен жәй адамша киінген бір кісі
көрінеді. Кезекте тұрған жұрт біршама.
        Басында ол
кісіні кассир екен деп қалдым да билет алмақ болып кезекке тұрдым. Көп
кешікпеді, менің соңымнан он сегіз-жиырмалардағы бір қыз келіп кезек алды.
Жүзінде әлде-қалай мұң бар секілді. Сөйтсем, ана үйшік касса емес, құлшылық
жайы екен. Жәй киім киген кісі пәруардігәрдың өзі. Кезекте тұрғандар - құлшылық
етушілер, күнәсінен тазарамыз деп келушілер. Мен кезегімді жаңағы қызға бердім.
Ол рахметін айтты. Бірақ қарап қалмадым.
-        Мұнда неге
келдіңіз?
         Чехпен орыс
тілінің тамыры бір ғой. Айтқанымды қыз түсінді.
-        Мінәжат етуге
келдім, - деді мұңлы кейіппен.
-        Түріңізге карасам,
емшек табы аузыңнан кетпеген сәби екенсіз. Не күнә жасап қойып едініз?
        Қыз кейпіндегі
мұң ізі қалыңдай түсті.
-        О, это моя
вина...
        Кейін білдім,
вина - чех тілінде сыр - деген мағына береді екен.
        Мен далаға
шықтым. Арада біршама уақыт өтті. Қарасам, әлгі қыз да мінәжат етіп кетіп
барады екен. Жаңағы келгендегісіндей емес, жүрісі ширақ. Өңі өзгеше. Жүзінде айрықша
бір нұр ойнайды. Маған жымия қарап:
 - Сау тұрыңыз, - деп
қолын былғады да, әлде бір қанат біткеңдей көтеріңкі рухпен қалқып жөнеле берді.
Келгендегі түрі мен кеткендегі түрі жер мен көктей.
       Ойланып қалдым:
асса жиырмаға келген мына қыз біреуді атып, біреуді өлтірмеген шығар?.. Олай
дейтінім, шын қылмыскерлер өз бағасын біледі. Шіркеуге барып құлшылық
жасамайды. Ал мына қыз көп болса, бір жерде өтірік айтып қойды... Не болмаса
біреудің әзәзіл сөзіне алданып опық жеп қалды... Сонысы үшін шіркеуге келіп
құдайға құлшылық етіп жатыр.
       Мен құдайшыл
адам емеспін. Және де құдайға құлшылық ете көр деп ешкімді де үгіттеп отырғаным
жоқ. Сөйтсе де іс-қаракет, жүріс-тұрысымыз жайлы ең болмаса арымыздың алдында
анда-санда болса да есеп беріп тұратын болсақ, бәлкім, мына дүние шіркінің
бұдан да көрі нұрлырақ болар ма еді, әлде қайтер еді!?