ВЕРНУТЬСЯ

Автограф

    Жұмыс аяғында үйге келіп білдім: Педагогикалық институттың
студенттері телефон шылдырлатып, кездесуге шақырыпты. Уақыты соншалықты тығыз.
Ал тақырыбы болса беймәлім: үй іші сұрамаған, шақырушылар айтпаған. Ойлап-ойлап,
барғанды жөн кердім: тым болмаса жұрт айтқанды тыңдап қайтқан да теріс болмайды
ғой.
        Жеткен хабардын
шалағайлығы сондайлық, мен, тіпті, кешігіп қалыппын. Зал лық толы. Мінбеде бір
шикіл сары сөйлеп тұр. Шешен сөзін бөлмейін деп кіреберіске отыра салып едім:

Құрметтің құны

    Бір мың тоғыз жүз алпыс бірінші жылдың февралінде семья
жайымен Қызылжарға жолым түсті. Әр жерге қонып ұшатын кішкене самолет үскірік
аяз, ақ түтек боранның кесірінен бір тәулікке кешіккені. Сарғая күтіп шаршаған
ағайындар - бүгін келмейді - деген жаңсақ мағлұматты малданып тарап кеткен.
Қарсылап алған пенде жоқ. Енді не істедім? Ойлап-ойлап түнгі сағат бір кезінде
жобалап келіп бір іні жігіттің есігін қақтым. Табиғатында ақ көңіл, жап-жақсы
елеңдерімен көзге түсіп жүірген газет қызметкері. Құрақ ұшты: Ау, аға, төрге

Адуындықтың шарапаты

     Адуындықта да шарапат бола ма? Болады екен. Сондай қызық. Тыңдай беріңіз.
  Осыдан бес-алты жыл бұрын Алматыда «гараж науқаны» деген науқан басталсын да кетсін: айдың пәленшесі күніне дейін гаражыңды алатын болыңдар. Әйтпеген күнде сырылып тасталынады, — деген қабар-хабарлама жапсырылмаған гараж қалмаған-ды.

Тойтарқар

       Жасым алпысқа келгеннен кейін бір күні
отырып мақтандым: даналық жасқа жеттім. Ақылым кірді.
      Атаулы күндер
жақсы өткен соң артын ала Бағдат тойтарқар жасады. Оған біраз жазушылар
шақырылды.
       Әлі есімде. Бұл
бір мың тоғыз жүз сексен екінші жылдың он сегізінші октябірі болатын. Он
тоғызыншы октябрьден бастап Қазақстанда эстон әдебиетінің апталығы өтпек. Соған
қонақтардың келіп жатқан кезі. Тойтарқар

Жолда қалған "Бойтұмар"

     Сандыбаев Әнуар - орта бойлы, толықша келген қара кісі.
     Мұхтар
Әуезовтің баяғы «Түркістан осылай туған» атты очеркіндегі совхоз директоры.
Мұхтар оны өз туындысының басты қаһарманы етіп бекер алмаған. Әнуар мінезге
бай, сөзге сыпайы жігіт. Ал оның талант-қабілетінің қандай екенін Әуезов
шығармасынан жақсы білеміз.
         Мен
Сандыбаевпен «Сарыағаш» санаториінде кездестім. Әйелі Мархаба да, өзі де
ашық-жарқын бауырмал жандар екен, көп кешікпей достасып кеттік.

Страницы