ВЕРНУТЬСЯ

       Қалижан
Бекхожин етене жақын адамымен ренжісіп қалыпты да Қазақтың республикалық
тұтынушылар одағының демалыс үйіне кеткен. Көп кешікпей жаңағы жақын кісісі
соңынан келген ғой. Қасында кім бар дейсіз бе? Қасында тап Бауыржан Момышұлының
өзі. Ниеті керемет - өкпелесіп қалған екеуін табыстырмақ.
       Қалижан
әңгімесі мынадай:
- Менің де оңып тұрған қай мінезім бар. Бауыржан:
алай-бұлай, - деп келе жатыр еді, тыйып тастадым; бұл мәселеде сен де ақыл
айтайын деп пе едің?!
Тыңдамаймын ақылыңды!
        Баукең ұшып
түрегелді де тартыла қалды. Қолы шекесінде:
- Честь моя оскорблена! - деп өкшесін сарт еткізіп бір-ақ
қайырды да шығып жүре берді.
          Арада талай
күндер өтті. Жазушылар одағының фойесінде отыр едім, баспалдақпен көтеріліп
келе жатқан Бауыржанға көзім түсі. Бірақ маған қарай жақындамады. Жасым кіші
болса да қырсығып, мен де орнымнан көтеріле қоймадым. Баукең оң қанатқа бұрылып
кетті. Кеп кешікпей қайта оралды да сол қанатқа беттеді. Көзі менде. Тұрып
келіп амандасса екен деп жүрген секілді. Сол қанатта да аялдамады. Қайта
көрінді. Мен де ішіме қулық сақтап, енді қайтер екен деп көзімді төмен салып
отырмын. Сол сәтте бір жас жігіт тұра қалды да Бауыржанға қол берді.
-        Мені танисың
ба?- деп сұрады Бауыржан, жігіт қолын алып тұрып.
-        Ойбай-ау, аға,
сізді танымай не қара басыпты бізді!
-        Танысаң, мен
кіммін?
-        Аға, қойыңызшы!
-        Жоқ, танисың
ба, жоқ па? Шыныңды айт! - деп Бауыржан көзін тіктеп қадала сұрады. Өңінен
ойнап тұрмағаны айқын танылады.
-        Сіз полковник
Бауыржан Момышұлысыз... Даңқты жауынгер! Атақты жазушы! - деді жігіт дауыстап.
-        Жоқ білмедің
онда... - Баукең сұсы басты ма, кім білсін, жігіт қызарып, қысылыңқырап қалды.
- Әне, анау жерде қазақ халқының үлкен ақыны Қалижан Бекхожин отыр... - деп
Бауыржан қолымен мен жақты көрсетті.
-        Қалекеңді де
білем... - деді жігіт.
-        Білсең, мен
сол ақынның ағасы боламын.
         Қитығыңқырап отырған мен күліп жібердім де
жүгіріп келіп Бауыржанның қолын алдым, - деп Қалижан жымпя күлді.
         Қай жақтан
орағытып, баспалап келіп адам жанының пернесін қалай дөп басады Баукең! Батыр
даңқының шығып кетуінің бір себебі - бәлкім осы білгірлігінде жатуы да ғажап
емес-ау?!