ВЕРНУТЬСЯ

Үзік - үзік деректер

         Сталиннің кезінде Кеңес Одағының ауыл шаруашылығы министрі
болған Бенедиктовтың куәлік етуіне қарағанда, 1953 жылы елдің мемлекеттік
қорында басқаны есептемегенде, 12000 тонна алтын сақталыпты. Ал М. Горбачев
билігінің соңғы жылында сол алтын қоры бар болғаны...126 тоннаны құраған екен.

И. Сталиннің танымал қанатты сөздері:

«Бәрін де кадрлер шешеді».

«Біздің көшемізде де той өтеді».

«Зеңбірек-соғыс құдайы».

«Гитлерлер келеді де кетеді, ал неміс халқы мәңгілік».

Ұлтжандылығы

         Екіншіден, Жамалдың басынан бақайшағына дейін араб болғанын
баса айтуымыз керек. Бұрын өздерін өздері тек «мысырлықтар», «ливандықтар»
немесе «шамдықтар» (Сирия) деп сезінетін халықтар Насырдың көп жылғы ұлттық
бірлікке шақыруынан соң, Атлант мұхитынан Парсы шығанағына дейінгі ұлан-ғайыр
кеңістікті алып жатқан Араб әлемінің ажырамас бөлігі деп есептей бастады.

Қолынан кітабы түспеген...

         Үшіншіден, оның білімдарлығы. Ел астанасы- Әл-Каһира
қаласындағы медреседе оқығаннан бастап, Президент болғанға дейін, онан кейін де
Жамал өмір бойы оқыды, үйренді, зерттеді. Әскери академияны үздік бітірсе де,
мына ғұмырдан кете-кеткенше саяси-тарихи, экономикалық әдебиеттерге үңілуден
бір қол үзген жоқ. Біреудің қолынан сыйға кітап алу ол үшін ең тартымды ілтипат
саналатын.

Апаттың алғы шарттары

         XIX ғасырдың аяғында бүкіл әлем хан талапай бөліске түсіп,
отарлардың басым бөлігін Англия мен Франция иемденіп алды. Мемлекет болып кеш
қалыптасқан Германия, Италия, Жапония сықылды жас жыртқыштар оған көңілі
толмай, бәсекелестерінен «күн астынан орын» талап ете бастады. Содан
қауіптенген Англия мен Франция патшалық Ресеймен бірігіп, Антанта (француз
тілінен аударғанда «жүрек келісімі» деген мағынаны береді) саяси-әскери одағын
құрды. Кейін оған Италия қосылды. Германия өз кезегінде Аустро-Венгрия, Түркия

Страницы