ВЕРНУТЬСЯ

         XIX ғасырдың аяғында бүкіл әлем хан талапай бөліске түсіп,
отарлардың басым бөлігін Англия мен Франция иемденіп алды. Мемлекет болып кеш
қалыптасқан Германия, Италия, Жапония сықылды жас жыртқыштар оған көңілі
толмай, бәсекелестерінен «күн астынан орын» талап ете бастады. Содан
қауіптенген Англия мен Франция патшалық Ресеймен бірігіп, Антанта (француз
тілінен аударғанда «жүрек келісімі» деген мағынаны береді) саяси-әскери одағын
құрды. Кейін оған Италия қосылды. Германия өз кезегінде Аустро-Венгрия, Түркия
және Болгариямен одақтасты. Қай одақ тарапынан да соғыс әділетсіз сипат алды, өйткені
қарсыластар бірін-бірі тонап, өзгенің жерін тартып алуды мақсат тұтты. Мәселен,
Ресей Түркиядан Стамбулмен қоса, Дарданелла бұғазын отарлауды көздеді.