ВЕРНУТЬСЯ

         Егер жоғарыда аталған шығарманың мазмұнына келсек, бір
білетініміз, Отелло- мавр, яғни араб не бербер (Солтүстік Африканың байырғы
тұрғыны. Авт.). Ол испанның «моро», «қара» деген сөзінен шыққан. Сірә,
өздерінен гөрі қоңырқай болғасын, солай атаса керек.

Ағылшын авторының (Шекспир емес, оған кейінірек тоқталармыз)
шығармашылық ой-қиялы Отеллоны христиан билеушісі етіп көрсетеді. Тіпті  есімі де итальяндық. Дұрысында арабтар мен
берберлердің арасында дәл осындай ат (дінін айтпағанның өзінде!) кездеспейтін
сыңайлы.

Сонымен бұл қайғылы оқиғаның мәні неде? Отелло өзінің жалғыз
жұбайы (мынаны айта кетейік, егер шынымен «мавр» болса, мұсылман билеуші
ретінде ол жалғыз емес, кемінде  төрт
қатынды иеленер еді) Дездемонаны жан-тәнімен сүйеді. Сүйгендіктен зайыбын
қызғанып, күні-түні есінен шығармайды. Алайда қазақ атамыз айтқан: «Астыңдағы
атыңа, қойныңдағы қатыныңа сенбе», Дездемона бірде оның «көзіне шөп салып»
қойыпты. Опасыздыққа налыған, қызғаныштан жаны күйген Отелло сүйіктісін
буындырып өлтірді. Бар  болғаны осы.

Жақсы, өлтіруіне қарсымыз. Тіпті соған лайық болса да.
Өйткені  берген жанын әркімнен Аллаһтың
өзі алуы тиіс. Бірақ Отелло жұбайына қасақана емес, күйініш сәтінде,  аса күшті жан тебіренісі жағдайында қол салып
тұр. Ондайды медицинада қатігездікке есепте мейді, адам белгілі бір шақта өз
әрекетіне өзі жауап бере алмағандықтан, кешіруге болатын жағдай деп санайды.
Демек, Отеллоның ондай қылмысқа баруына басты себеп-зайыбының жеңілтектігі,
қала берді ұятсыздығы. Рас, Шекспирдің шығармасында Дездемона өсек-аяңның
құрбаны ретінде суреттелген. Қалай десе де, ата-бабамыз айтқандай: «Жел тұрмаса,
шөп басы қимылдамайды»...