ВЕРНУТЬСЯ

         Үнемі жастарды жазғыра берген де обал. Өздерін қоғамдық
орындарда өрескел ұстайтын ересектер де жоқ емес қой. Талай сыртқы түрі
салиқалы қарттар мен кемпірлердің, онан қалса, елуден асқандардың ауыздарын
ерсілі-қарсылы қайзалап, сағыз шайнап бара жатқандарын көзіміз көрді. Ата
сақалы  аузына бітсе де, арақ-шарапқа
тойып алып, қатты сөйлеп, түкірініп жүрген үлкендерге не дер едіңіз?! «Сынықтан
өзгенің бәрі жұғады» емес пе?! Сіз тап сондай қырсық қылықпен көшеде жүрген шешен
не өзбек шалын көз алдыңызға елестете алар ма, едіңіз?! Әрине,жоқ. Аталған ұлт
өкілдеріне оның бәрі түрпідей көрінер еді. Демек, өзіміз  жастарға өнеге көрсете аламыз ба, ағайын?!...