ВЕРНУТЬСЯ

           ... Сонымен семіздіктің сыры неде? Күні кешеге дейін екі
беті нарттай, қызыл шырайлы да топ-толық болудың кез келген адам үшін тоқтық
пен қалыпты тұрмыстың айқын белгісі саналуынан. Өйткені мыңдаған жылдар бойы
адамдар әлсін әлі болып тұрған соғыстар мен індеттер, жұт пен түрлі апаттардан
жаппай зардап шекті. Қазір де Африка мен Азияның кейбір елдерінде осының
салдарынан адамдар тойып тамақ ішу былай тұрсын, бір үзім нанға зәру.
Әлемде  қазір бір миллиардқа жуық жан
тойып тамақ ішпейді екен. Осы санды есіңізде сақтай тұрыңыз...

Дәмді де тәтті тағам Аллаһтың адам баласына сыйлаған бір
ризығы болғандықтан, одан кім безеді?! Сондықтан күні кешеге дейін адамдарға
тамақтың мол уақытында қарпып-қарпып жеп алу, кекірік атқанша тою ерсілік саналмады.Себебі
аштықтың үрейі және одан қорқу - адамзаттың жадынан шығып көрген жоқ. Адамзат
мәдениеті дамыған сайын, мешкейлік ерсі көрінгенімен, көбіне жұмыр басты
пенделер бір Жаратушы беріп тұрғанда, дәмді де тәтті тағамды күйсете берді,
күйсете берді. Кім біледі, мүмкін, келешекте ұзақ ашығуға тура келер?!...

Демек, бұрын көбіне байлардың семіз болғаны өз-өзінен түсінікті. Қай
ертегі мен әдеби шығарманы алып қарасаңыз да, «арық» байды сирек көретініңіз
анық. Семіздік- қашанда байлық пен барлықтың белгісі іспеттес.Олай болса,
семіздіктің несі «жаман»?!...