ВЕРНУТЬСЯ

         Сонау заманда жалғыз басты кемпір киіз үйін жылыту үшін
шөпшек жинауға далаға шығыпты. Күн ызғырық, өте суық болған. Қыстың қытымыр
ызғарынан тоңып, бүрсеңдеген байғұс жиған шөбімен үйіне әрең жетіпті. Тұла
бойын суық кернеп кеткен кейуана ошақта жанып жатқан оттың қызуына жылынып
отырып, : - О, Құдайым, екі дүниеде оттың қасынан шығара көрме! - деген екен.