ВЕРНУТЬСЯ

         Баяғыда қазақтың бір ауылында даңғойлау жігіт өмір сүріпті.
Өзі : « Мен орысша жақсы білемін» деп, мақтанды екен. Содан ғайыптан ғайып,
ауылға кездейсоқ екі орыс келіп қалса керек. Ауыл адамдары олардан сескеніп,
ана жігітті шақыртып алдыртады. О заманда қазақтың мыңнан біреуінің ғана орыс
тіліне жүйрік болғандығы белгілі. Содан әлгі жігіт тосын жағдайдан абыржып
қалып, біраздан соң, өзіне жақын тұрған орысқа бұрылып: « Он говорит, тон
говорит» деп, осы екі сөзді қайталай беріпті. Оның сөзіне түсінбеген кездейсоқ
қонақтар басын шайқай түседі. Ауыл адамдары болса, екеуіне кезек- кезек қарап,
аң-таң. Қызарып кеткен қайнысының ыңғайсыз жағдайда қалғанын сезіп, бір қамқор
жеңгесі елге бұрылып айтқан көрінеді : - Халқым-ау, біздің Мырзажігіт айтуын
айтса да, ана екі орыс түсінгісі келмей, басын шайқап тұр ғой...-