ВЕРНУТЬСЯ

       Орал қаласы Отанымызда Талдықорғаннан кейінгі ең таза, ең
жасыл желекке бөленген облыс орталығы табылады. Олай болса, өзгелер сияқты
біздің де таза ауа жұтып, мөлдір су ішіп, құнарлы жерді қажетімізге жаратуға
құқымыз бар. Демек, қоқысты өңдеп, одан өнім шығарып, жерлестерімізге жоғарыда
көрсетілген экологиялық жағынан таза құндылықтарды қайтаруға күш салып жатқан
В.Сарычевтің көпке тиімді ортақ ісінің сәтті соңына дейін жетуін шын жүректен
қалаймыз.