ВЕРНУТЬСЯ

         Ал әзірге әлемдегі қалалар мен түрлі елді мекендердің
жанындағы қоқыс үйінділері биіктей және жайыла беруде. Өндіріс орындары туралы
да осыны айтқан жөн. Мәселен, жер қойнауынан алынған 100 тонна кеннің тек 4
тоннасы, әрі кеткенде 6 тоннасы пайдаға асып, қалғаны жарамсыз заттың қарасын
көбейтеді. Тек көршілес Ресейдің өзінде қатты қоқыс 80 млрд. тоннаны құрап
отыр. 

Сонымен қоқыс үйіндісі (свалка) дегеніміз не? Ол-айналымнан шыққан
құнарлы жердің аумақты бөлігі, сонымен бірге түрлі аурулардың да қатерлі ошағы.
Қазірдің өзінде қоқыс экологиялық апат көзінің біріне айналып отыр және адамзат
онымен жаппай күресудің тиімді жолын таппаса, келешегіне төнер қауіп аса
қатерлі.