ВЕРНУТЬСЯ

          ХҮ!!!- ғасырдың аяғында болып өткен орыс-түрік соғыстарында
түркі бауырларымыздың жеңіліске ұшырауы бұған дейін алаңсыз Қырым түбегі мен
Қобан өзені аумағын мекендеп жүрген ноғайлардың қайғы-қасіретінің бастауы
болды. Сонда қарусыз да бейбіт халықты қырып-жойған кім дейсіз ғой? Орыстың
фельдмаршалы А.В.Суворов. Иә, кәдімгі танымал қолбасшы болған тарихи тұлға .Енді
тарихи деректерге кезек берелік: «1783 жылғы Керменчиктегі қырғынды орыс
жазушысы К. Осипов өзінің 1939 жылы шыққан «Суворов» деген кітабында былай
суреттейді: «Пройдя двенадцать верст от реки, близ урочища Керменчик настигли
таборы ногайцев. После непродолжительной ожесточенной стычки началась рубка.
Ногайцы тысячами гибли под саблями казаков. Дав истомленным войскам два часа
отдыха, Суворов погнался за остальными ногайцами. Возобновилась беспощадная
сеча. В течение дня было убито около трех с половиной тысяч ногайцев и тысяча
взята в плен».(93). («Жас қазақ», 2007 жыл).

Әрі қарай... «Жазық даланың халқы болып саналатын ноғайлар
Қобан мен қазіргі Ставрополь аймағы жатқан жерден шегіне-шегіне келіп, осы
күнгі Шешенстанның жазықтау жағы болып табылатын Терек пен Сунджа өзендерінің
аралығын паналады.Өздері «Ішкері ел» деп атаған биік таулы аймаққа қарай олар
кете алмады. Осы арада оларды кейін генералиссимус атағын алған А.Суворов
бастаған орыс әскері қоршауға алып, оқ-дәрі жұмсамастан, найза мен қылыштың
күшімен қойша қырып тастады. Суворовтың рапортындағы (1786 жыл) « все ногайцы
переколоты» деген сөз осыдан шыққан...(Аққали Көптілеуов).

 «Ноғай қырғыны туралы
Ресей тарихшылары да, Қазақстан тарихшылары да жұмған аузын  ашпайды.» Неге?  Нәтижесінде сол ғасырда 200 мың ноғай өмір
сүрген болса, қазір олардың саны 100 мыңға да жетпейді. «Олардың өз автономиясы
жоқ  және болған да емес.  Ноғайлар- бүтін халық болған. Оны жоқтау
парызы - қазақтың мойнында.» деп, мақаласы түйіндейді автор.(Аққали Көптілеуов,
«Түркістан», 2005 жыл). Айтуында мін жоқ, бірақ бауырларын жоқтайтын қазақ
қайда бүгін?! Өзге дегенде, өре тұра келсе де...