ВЕРНУТЬСЯ

        Қожанасыр, Ходжа Насреддин, молда Насреддин- оның дүние
жүзіне тарап кеткен толық емес атауларының кейбіреуі осындай. Оны бүкіл әлем
біледі. Соның ішінде Орта Шығыс мен Балқан түбегіндегі елдердің тұрғындары жыр
етіп айтады. Тіпті көршілес екі ел оны өзінің «жерлесі» деп танып, сан ғасырдан
бір-бірімен таласып келеді. Олар-Түркия мен Иран. Бірақ соңғы ғасырда
түріктердің таразысы басым түсіп, адамзат тек сол елді ғана даңқты Қожанасырдың
Отаны деп таныпты.