ВЕРНУТЬСЯ

         Американың соғысқа кірісуі немістердің соңғы үмітін үзді.
1918 жылы большевиктердің Брест бітіміне қол қойып, орыстардың соғыстан шығуы
да оларды қуанта қоймады. Көп ұзамай, 3 қарашада Германияда төңкеріс болып,
соңғы неміс императоры !! Вильгельм шетелге қашып кетті. Сонан кейін,
Антантаның алдында Аустро-Венгрия, Түркия, Болгария тізе бүкті.  11 қарашада Антанта мен Германия  арасында уақытша, 1919 жылы 28 маусымда
Париждың қасындағы Версаль сарайында Антанта мен Төрттік одақ елдері арасындағы
түпкілікті бітімге қол қойылды. Құрбандықтар (бейбіт халықты есептемегенде):
орыстар-3 млн. 202 мың, немістер-2 млн.38 мың, француздар-1 млн.398 мың,
аустриялықтар-1 млн.204 мың, ағылшындар-915 мың, түріктер-811 мың... Соғыс 4
жыл, 3 ай, 10 күнге созылды.