ВЕРНУТЬСЯ

        Мексикалық Мануэль Урибе - әлемдегі ең семіз адам.Салмағы
560 килограмға дейін жетіпті.Оның аяңдауы былай тұрсын, орнынан көтерілуге
қиналған. Амал жоқ, өзі  аянбай күресіп,
салмағын азайтуға тырысыпты. Әйтеуір, күні бүгінге дейін салмағын 200
килограмға жеңілдетсе керек...

Альфред    Нобель

Альфред Нобель-өмірінде үйленбей кеткен кісі. Сондықтан
балалары болмаған. Егер балалары болса, ол кісі соңына қандай өсиет қалдырар
еді?! Қазіргі дүниедегі ең беделді Нобель сыйлығы болар ма еді, болмас па еді,
бір Аллаһтың өзі білсін?!

Осыдан 110 жыл бұрын Альфред Нобель бірнеше куәнің
қатысуымен Париждің швед-норвегиялықтар клубында өз қаржысынан бес халықаралық
сыйлық тағайындау туралы атақты өсиетіне қол қояды.

Үлкен өндіріс иесі әрі көп жаңалықтардың авторы айтарлықтай
бай еді. Оның байлығын қазіргі бағамен бағалар болсақ, бірнеше миллиард крон
немесе бірнеше жүз  миллион доллар
шамасында екен. Мұндай байлығы барлар ол кезде шамалы ғана.

1896 жылы Нобель қайтыс болғаннан кейін оның көмекшісіне осы
өсиетті жүзеге асыру да оңайға түспеген. Сот арқылы марқұмның тілегін орындауға
әзер қолы жеткен. Әрине, бұл істің сәтті шешілуіне марқұмның тікелей
мұрагерлерінің жоқтығы игі әсер етті.

Альфредтің әйелден жолы болмаған. Атақты адам бар уақытын
жұмыс пен жаңалықтар табуға жұмсайды. Жас шағында ол дәріханада істейтін бір
швед қызына ғашық болады да, көп ұзамай әлгі бикеш кенеттен қайтыс болып, оқыс
қайғы шошытқан Нобель 20 жылға дейін әйел затына жоламай жүреді.

Сонан соңғы әйелге деген ықыласының оянуы Австрияның "Нойе
форайэ прессе" газетіне хабарландыру беруіне байланысты болды. "Өте дәулетті,
жоғары білімді жігіт ағасы мырзаға орта жастағы түрлі тілді білетін әрі хатшы
болып, шаруаны жүргізе алатын әйел керек" делінген бұл хабарландыруда. Өйткені
Нобель жұмыстарын түрлі елдерде жүргізген еді. Мәселен, Швецияда, Ресейде,
Францияда, Италияда. Ол -қай жерде жұмыс істесе, сол жерді үйім деп есептеген
кісі. Әрі жинақылықты ұнатқан. Сондықтан да оған жақсы көмекші керек-ақ еді.
Хабарландыруға австрия фельдмаршалының қызы Берта Кинск жауап береді. Берта
Венада Суттерлер отбасында гувернантка болып жұмыс істеп жүреді, бірақ оны үй
иесінің баласымен ашына болғаны үшін қожайыны қуып жіберген екен.

Парижге келіп танысқан Берта оған қатты әсер еткен. Бірақ
көп ұзамай Берта Венаға қайта оралып, Артур фон Суттермен жасырын некелеседі.

Берта фон Суттердің тағдыры өте қызық. Ол сонан соң
күйеуімен бірге Гүржістанға кетеді. Түкпірдегі бір ауылда өмір кешкен олар
орыс-түрік соғысының куәгері болады. Кейіннен Берта бейбітшілікті
жақтаушылардың қозғалысына қатысып, оның президенттігіне сайланады. Сол
тұстарда ол "Жойылсын қару!" атты роман жазып, сол үшін 1905 жылы Нобель
сыйлығын алады.

Берта кетіп қалған соң, екі жыл өткенде Нобель Австрияның
Баден курортында Софи Хосспен ұшырасады. Бұл-оның бойдақтық өміріндегі екінші
ұнатқан әйелі еді. Софи Хосс Нобельден мүлдем кіші болатын.

Альфред пен Софидің арасындағы байланыс 20 жылға созылған.
Бірақ сүйіспеншіліктің әсері ме, әлде Нобельдің оған былайша қамқорлығы ма,ол
арасы беймәлім. Әйтеуір, Нобель келіншекке Парижден қымбат пәтер сатып әперген,
қызметші жалдаған, сондай-ақ бағалы заттар сыйлап жүрген.

Нобельдің Софи үшін көп шығынданғаны өз алдына, оның соңынан
аңдушы да қойған. Аңдушының жазбаларында "Х" атты келіншектің жүрген-тұрғаны
баяндалып отырған және оған Нобель мырза Парижде болған кездері күніне бір рет
соғып тұрған.

Бәрібір Нобельдің өмірін зерттеушілер оның Софиге арнаған
хаттарын "Кішкентайым менің" деп бастауының мәнін түсінбеген.1890 жылдардың
басында Софи венгр атбегісіне тұрмысқа шығады. Бірақ қушікеш атбегі той өткен
соң, бірнеше аптадан кейін жоғалып кетеді 
де, Софи босанып, қыз табады. Альфред 1896 жылы жазылған өсиетінде
Софиге де қамқорлық жасауды ұмытпаған. Оған жыл сайын жарты миллион швед кронын
(қазіргі бағамен) алып тұруға кеңшілік еткен. Ал Софи осы қаражатпен қызын
тәрбиелеп өсіреді, кейін ол мұғалім болған.

 Ә. Жақан. «Қазақ  күнтізбесі-2007".