ВЕРНУТЬСЯ

        - Азық-түлік немесе қысқаша айтсақ, ас,- дейді бізбен
әңгімесінде М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың доценті, биология, экология және
оқыту қағидасы кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты
Жасқайыр Қарағойшин,- әр адамның да тіршілігіне, өсіп-өнуіне және ағзаны
қалыпта ұстауына аса қажетті өнім, техника тілімен өрнектесек, «жанармай».
Сондықтан ауруды тек астан «көру» дұрыс емес, ол адамның дағдысына, яғни
тағамды аз не шектен тыс көп жеуіне байланысты. Ал қан тамыры, жүйке тозуы
немесе жүрек талмасы дерттеріне келсек, оның табиғи негізден гөрі көбіне
әлеуметтік-қоғамдық себептерден туындайтыны 
ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат...