ВЕРНУТЬСЯ

         Тағы да қайталап айтамыз, біз тың игеруге келген сан алуан
ұлт өкілдері мен өз жерлестеріміздің жанқиярлық еңбегін, даңқты өнеге-үлгісін
бекерге шығарудан аулақпыз. Қарапайым еңбек адамдарының атақ-даңқы  мәңгілікке қала бермек. Бұл-біздің тек тыңға
қатысты кейбір ақиқатты ғана жария етіп, дақпыртты жоққа шығаруға тырысқан
әрекетіміз ғана. Шындықты білу де, есту де қашанда ауыр, бірақ ол келешек ұрпақ
үшін аса қажет.

Ғаббас Қабышұлы, «Халықтың ұлы» атты мақаласынан, қазақтың
көрнекті ұлы, дипломат, Болатхан Тайжанның (марқұм) пікі. «Жас Қазақ» 2008 жыл,
№ 35.

«Баяғыда, ел әлгі Никита Хрущев дегеннен құтылғаннан кейін
«Қазақстанда тың иге рудің пайдасы мен зияны» деген мәселе көтеріліп,
баспасөзде алай-былай пікірлер айтыла бастады. Менің қолыма партия мен
үкіметтің тың игеруді бастау алдындағы бір қаулысы  түсіп, соны оқып отырсам, О, Алла!
«Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге барғандарға он жылға өтем
пайызсыз несие қаражат берілсін, үй салып алуына, мал ұста уына көмек
көрсетілсін, егер сиыр, шошқа, тауықтарын ала кетемін десе, мемлекет есебін ен
тегін апарылып берілсін» делінген. Қысқасы, тыңға өзге жақтан барғандарға,
әрине, тоқ сан пайызы өзге ұлт өкілдері ғой, соларға коммунизм жасалсын
делінген де, Қазақстанды мекендеп отырған жергілікті халыққа ондай жеңілдік
беруге болмайтыны атап айтылған. Сұмдық емес пе?!».

Фаунамыз ше, бөлінген бауырынан!

Флора ше, үзілген тамырынан!

Қаншама өріс,

Қаншама мал қысқарды?

Шығып қалды қанша аруақ қабырынан!

Қадыр Мырза Әлі