ВЕРНУТЬСЯ

        Марқұм әжелеріміз
ақты, яғни сүт тағамдарын «сусын» және «тоқ» тамақ екіге бөлетін еді. Соның
ішінде көже мен қымызды сусынға, айран мен шұбатты тоқ тамаққа жатқызды. Сірә,
соңғылары қою ұйытылғандықтан тамаққа жатқызылса керек. Өз басым, соның бәрін
тамақ, тіпті жеңсік ас ретінде санар едім. Себебі наурыз көженің дәмділігі мен
жұғымдылығын айтпағанның өзінде, бидай, тары, қала берді жарма көженің дәмі
аузынан кетпегендер де аз емес. Қалайша ұмытарсың?! Егер сүттің өзінің құнары
қандай күшті болса, оның дәмін, құрамын өзгертіп, жаңа рең беретін тағамдық
қуаты мен жұғымдылығын арттыратын бидай, жарма, тарының қасиеттерінің өзі
қандай?! Ал қымыз бен шұбатқа келсек, ол біртекті тағам ғой...

Біз-бала кезімізден айран, көже, шұбат, қымыз ішіп өскен
ұрпақпыз. Әлі күнге дейін айранды қорек етеміз. Ара-арасында көже ұрттайтынымыз
да бар. Рас, өз басым қымыз мен шұбатты көп сіміре қоймадық. Бірақ  дәмі әлі есімізде...

Сонау өткен ғасырдың 60 жылдарында алыстағы Орда ауылында
ағайындар тұрған-ды. Олар інген ұстап, шұбат ашытатын. Баламыз  ғой, нән ағаш аяқ шұбатты сіміріп салғаннан
кейін күні бойы қарнымыз да ашпады, шөлдеген де емеспіз. Ал дәміне келсек,
суреттеуге тіл жетпейді...