ВЕРНУТЬСЯ

          Алматы қаласындағы «Аруна» ЖШС-ының баспасында жарық көрген
«Тарих Ата» айдарымен жарық көрген «Қазақ хандығы» атты («Қазақстан балалар
энциклопедиясы» сериясы бойынша) кітапта былай делінген : « Ноғай Ордасы,
Маңғыт Ордасы - ХІҮ ғасырда Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде пайда болған
мемлекет. Ноғай Ордасы Х!!! ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың әскери
қолбасшысы Ноғай әскерінің құрамына енген тайпалар мен маңғыт тайпасынан
құралған.Ноғайлар Еділден Ертіске дейін, Каспий мен Арал теңіздерінен Түменге
дейінгі аумақта көшіп жүрді. Орданың орталығы Жайық өзені сағасындағы Сарайшық
қаласы болды. Ноғай Ордасында Едіге би мен оның ұрпақтары билік жүргізді.ХҮІ -
ғасырдың екінші жартысында Ноғай Ордасы бірнеше мемлекеттік құрылымдарға ыдырап
кетті. Қасым хан тұсында ата жұртта отырған қуатты Қазақ хандығы әлсіреген
ноғайлы ұлысының Жайықтан Еділге дейінгі үлкен бөлігін өз құрамына қосып алды.
Ыдыраған Ноғай Ордасының бір бөлігі Кавказда Кіші Ноғай Ордасы, Үлкен Ноғай
Ордасына бірігіп, тағы бір бөлігі Ресейге кіріптар болып қалады. ХҮІІІ
-ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Кіші Ноғайлының біраз бөлігі бұрынғы
ата қонысы Азау маңына (Доннан Қобанға дейін) ауып, кей бөлігі Түркияға көшті».
Міне, болмашы ғана мәліметтер Соған да қанағат етелік. Өйткені Ресей тарихында
мұндай мәліметтер де некен-саяқ. Тіпті солтүстіктегі көршіміз сонау Еділ мен
Дон (қыпшақша Дөң) аумағы мен Қобанның( Кубань) 
кең-байтақ даласында ХІІІ-ХҮІІІ ғасырларда ешкім тұрмағандай немесе оны
тек казактар ғана жайлағандай (олардың бойында да қыпшақтың қаны барын кейбіреулері
еріксіз мойындап жүр) түр білдіреді...