ВЕРНУТЬСЯ

          Биолог-ғалымның
айтуынша, азық-түлік тегіне қарай: жануар тектес және өсімдік тектес, табиғи
және жасанды болып бөлінеді. Мәселен, мал, құс, балық еті, сүт және сүт
өнімдері, жұмыртқа жануар тектеске жатса, қалғаны бүкіл наннан бастап
саңырауқұлаққа  дейінгі өсімдіктен алынған
азық-түлік түрлері болып табылады. Табиғиы-атынан көрініп тұрғанындай, бірден
тұтынуға немесе өңдеуден кейін пайдаланылатын азық-түлік түрлері.
Жасандысы-қолдан өсірілген (мәселен, окорочка) және түрі өзгертілген
(модификациялық генетикалық-мутациялық (тағам құрамына протеиндар қосылатын)
тағам түрлері, олардың көбіне Батыстан әкелінген өнімдер екенін айту қажет.
Бұрын соңғы аталған тамақ түрлері бізде атымен болмаған. Тек нарық күшіне енген
соң барып, еліміздің сөрелеріне сұғына кіріп, қазір базарлар мен дүкендерді,
қала берді дүңгіршектерді толығымен жайлап алды...