ВЕРНУТЬСЯ

Ризығымыз таусылмасын...

         Биылғы тышқан жылына ешкімнің де өкпесі бола қоймас. Әдетте
тықырлатып, бәрін жеп құртатын «ол» еншісіне тиген жылында бидайды мол «беріп»
тастады. Бәрәңгі мен күнбағыстан да жиналған өнім жылдағыдан көп. Мал да қазір
мейлінше қоңды. Әйтеуір, неде болса, ризығымыз таусылмасын, ағайын!

...«Ауру-астан» емес, дағдыдан...

        - Азық-түлік немесе қысқаша айтсақ, ас,- дейді бізбен
әңгімесінде М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың доценті, биология, экология және
оқыту қағидасы кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты
Жасқайыр Қарағойшин,- әр адамның да тіршілігіне, өсіп-өнуіне және ағзаны
қалыпта ұстауына аса қажетті өнім, техника тілімен өрнектесек, «жанармай».
Сондықтан ауруды тек астан «көру» дұрыс емес, ол адамның дағдысына, яғни
тағамды аз не шектен тыс көп жеуіне байланысты. Ал қан тамыры, жүйке тозуы

Санаға сілкініс қажет

           Күні бүгінге дейін қыр соңымыздан қалмай, санада сақталып
қалған сарқыншақтың бірі - «Балам орысша оқымаса, адам болмай қалады». Түкке
тұрмайтын сандырақ! Қаншама жер -жердегі мысық тілек, орыс тілді жекелеген
қазақтар аяқтан шалып отырса да, жыл өткен сайын қазақ тілінің қоғамдағы маңызы
мен мәні артып келеді және бұл үрдісті ешкім де тоқтата алмақ емес.
Өйткені  бұрынғы түсініктерден мүлдем
ада, жаңа ұрпақ өмір жолына түсіп отыр. Олардың қарасы көбейген үстіне көбеюде.

Аузы дуалы қарттарымыз қайда ?

         Өмірде немесе теледидардан өзімізбен түбі бір түркі немесе
діні ортақ әзірбайжан, өзбек, шешен ұлттарының ақсақалдарын көрсем , еріксіз
қызығатыным бар. Бір түрлі сол қауға немесе шоқша сақалды қариялардың өне
бойынан ізгілік пен биік парасаттың ұшқынын сезгендей боласың. Сөзі де орнықты,
қимылы да қалыпты, ісі де өнегелі, өздерін өзгеге еріксіз сыйлататын жандар...

Халық сүйген көсем

      Біздіңше, костюм киіп, галстук тағып шіренбейтін, үстіне
қарапайым вьетнам шаруасының салпыншағын іліп алып жүре беретін оны сірә,
американдықтар да, қуыршақ  мемлекет-
Оңтүстік Вьетнамның әскерилері де жыға тани қоймаған шығар. Қарапайым, сынық
мінезді, сәл ғана күлімсіреп тұратын қарияның бет-бейнесінен қаһарман халықтың
лайықты көсемі осы адам  екенін аңғару
оңай ма ?!

Страницы