ВЕРНУТЬСЯ

Нағыз діндәр жан

          Жан-тәнімен мұсылман сүннит болған Салахиддин ешқашан өзге
дін иелеріне де немесе исламның басқа бағытындағы мүміндерге де өшікпеген.
Майдан даласындағы қарсыластары-католиктермен күресте жан алысып, жан беріссе
де,  жерлестері-христиан дінінің
православ бағытындағы армяндар, арабтар, айсорлар, яһуди-жебірейлерге мейлінше
төзімділік және құрмет сезімімен қараған көрінеді. Қиян-кескі шайқастарда қолға
түскен өзге діндегі тұтқындарға ізгілік көрсетіп қана қоймай,
бағыныштыларынан  да соны талап етсе
керек.

Келіспеуге құқымыз бар

         Егер жоғарыда аталған шығарманың мазмұнына келсек, бір
білетініміз, Отелло- мавр, яғни араб не бербер (Солтүстік Африканың байырғы
тұрғыны. Авт.). Ол испанның «моро», «қара» деген сөзінен шыққан. Сірә,
өздерінен гөрі қоңырқай болғасын, солай атаса керек.

Ағылшын авторының (Шекспир емес, оған кейінірек тоқталармыз)
шығармашылық ой-қиялы Отеллоны христиан билеушісі етіп көрсетеді. Тіпті  есімі де итальяндық. Дұрысында арабтар мен
берберлердің арасында дәл осындай ат (дінін айтпағанның өзінде!) кездеспейтін
сыңайлы.

Қайғы - қасіреттің соңы

         Американың соғысқа кірісуі немістердің соңғы үмітін үзді.
1918 жылы большевиктердің Брест бітіміне қол қойып, орыстардың соғыстан шығуы
да оларды қуанта қоймады. Көп ұзамай, 3 қарашада Германияда төңкеріс болып,
соңғы неміс императоры !! Вильгельм шетелге қашып кетті. Сонан кейін,
Антантаның алдында Аустро-Венгрия, Түркия, Болгария тізе бүкті.  11 қарашада Антанта мен Германия  арасында уақытша, 1919 жылы 28 маусымда
Париждың қасындағы Версаль сарайында Антанта мен Төрттік одақ елдері арасындағы

Дәйекті дерек...

        Мексикалық Мануэль Урибе - әлемдегі ең семіз адам.Салмағы
560 килограмға дейін жетіпті.Оның аяңдауы былай тұрсын, орнынан көтерілуге
қиналған. Амал жоқ, өзі  аянбай күресіп,
салмағын азайтуға тырысыпты. Әйтеуір, күні бүгінге дейін салмағын 200
килограмға жеңілдетсе керек...

Альфред    Нобель

Мүтайымның алдында орныңыздан неге тұрдыңыз?!...

        Туған ұлтын жан-тәнімен сүйген Рухолла Хомейни сол
жылдардағы халқының аянышты жағдайына немқұрайлы қарап, отыра алған жоқ. Оны
рухын былай қойғанның өзінде, адами ар-ожданы мазалап, тыныштық бермеді. Ал
Иран елі өткен ғасырдың орта шенінде қандай күйде еді?!...

Страницы