ВЕРНУТЬСЯ

        ...Неге екені белгісіз, жиырма ғасырды адамзат ерекше үміт
және шат-шадыман көңілмен қарсы алыпты. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы
адам өмірін жеңілдетіп, оның алдынан тың мүмкіндіктер ашты. Телефон мен электр
қуатының, радио мен Морзе әліппесінің өмірге енуі, мұнай мен газды кеңінен
пайдалану-тұрмысты да жеңілдетіп, жер бетіне жұмақты жақындатқандай еді. Өткен
ғасырдың басында, түрлі әскери-саяси жанжалдардың  жиілегеніне қарамастан, қоғамдық пікір «үлкен
соғыс болмайды» деген қияли пайымдаудан әрі аса алған жоқ. Алдағы ықтимал
соғыстардың бәрі олар үшін бір-екі жылдан артыққа созылмайтындай көрінді. Тек
сол бір маусым айының жайдары күнінде Сараевода атылған оқ миллиондардың үмітін
тас-талқан етті...