ВЕРНУТЬСЯ

        Сталиннің екі некелі әйелі болды. Алғашқысы-ұлты грузин
Екатерина ерте қайтыс  болып, соңына ұлы
Яковты қалдырды. Екіншісі Надежда Аллилуевадан Василий сынды  ұл, Светлана атты қыз сүйген. Яков
немістердің қолында қаза тапса, әкесі өлгесін қуғынға  ұшыраған Василий 1962 жылы Қазан қаласында
көз жұмды. Светлана үнді дипломатына күйеуге шығып, шетелге кетті. Қазір Ресей
мен Гүржістанда Сталиннің үрім- бұтақтары өмір сүріп жатыр. Олар өз бабасын
құрмет тұтады.

Менің түсіне алмайтыным мынау- Сталин неге екі әйелінің
төркін жұртын соншама қатал қуғынға салды? Келісейік, екі қатыны оңбаған(алайда
алғашқы гүржі әйелі Екатерина білгендердің айтуынша, жақсы адам болған) екен
делік, төркіндерінің жазығы қандай? Қожайын екі әйелінің де ағаларын тұтқынға
алғызып аттырды. Бір қайынбикесі тұтқындалып (екінші қатыны Надежданың әпкесі)
он жыл бойы Владимир қаласындағы жалғыз кісілік камераға отырғызылған. Содан
1954 (!) босатылған әлгі бейбақ түрмеден шыққысы келмепті. «Сталиннің өлгеніне
жылдан асты. Сіз енді боссыз.» дегенде, ол: «Мүмкін емес. Сталин- өлмейтін адам»
деп көнбепті. Кейін өмірін жындыханада аяқтаған екен...