ВЕРНУТЬСЯ

          Біз жоғарыдағы минералдық заттарды бекерге ауызға алып
отырғанымыз жоқ. Себебі минералдық заттар- ағзаға аса қажетті дәрумен
құраушылар. Мәселен, С,В1 және Д дәруменін құрауда марганец шешуші орынға ие.
Кобальт болса, В 12 дәруменінің құрамына кіреді. Дәрумендердің пайдасы туралы
бүгінде айту артық. С дәрумені немесе аскорбин қышқылының жетіспеуі қырқұлақ
және скорбут ауруын туғызады. В2 (рибофлавин) сүт сарысуының түсін бере отырып,
адамды көз, ас қорыту ауруларынан сақтайды, бойдың өсуіне себепші. Адам
ағзасында мешел( рахит) дертін болдырмайтын Д дәруменінің қажеті жоқ деп айта
аламыз ба?! Тек осы дәрумендердің барлығы бірдей кез келген бес  түліктің сүтінде кездесе беруі мүмкін емес.
Мысалы сиыр сүтінде 1,5 пайыз С дәрумені болса, қымызда ол одан гөрі басым.
Демек, ғалым Жасқайыр Қарағойшин айтқанындай, барлық түліктің де сүті пайдалы.
Егер мүмкіндігің жетіп, ұлттық сусындарды ұдайы ішіп отырсаң, ағзаң әмбебап
дәрумен, минералды заттар және өзге пайдалы заттарды қанықты дей беріңіз!