ВЕРНУТЬСЯ

        Орыстың ақгвардияшыл генералы Антон Деникин азамат соғысы
жылдарында : «Бірін бірі аяусыз қырып жатқан бауырлардың өзара соғысы ешқандай
марапаттауға жатпайды» деп, мадақтауға ұсынылған бүкіл орден -медальдарды
алдырып тастаған...

1941 жылы тамызда немістер басып алған Бельгияда тұрып жатқан
сол генералды әскери комендатураға шақырыпты. Оны ілтипатпен қарсы алған неміс
полковнигі : - Біз большевиктерге қарсы соғыс аштық. Соған сіздің қатысуыңызды
сұраймыз,- деп желдірмелете жөнелгенде, Деникин оның сөзін кілт бөліп : - Жоқ,
сіздер Отаным мен орыс ұлтына қарсы соғыс аштыңыздар.Сондықтан  сіздердің жорықтарыңызға қатыспаймын. Қатысқан
орыстарды «сатқын» деп санаймын,- деп, үзілді-кесілді жауап беріпті. Бір қызығы
сол, кейін немістер оған тимеген де, мазаламаған да...

Басқа бір генерал, Испанияның 1939-1975 жылдары дара
билеушісі болған Ф. Франко 1936-1939 жылдары азамат соғысы кезінде екі жақтан
қаза болғандардың сүйектерін жинатып, ортақ молаға жерлетіп, басына католиктік
дұға оқытқан. Ескерткішке «Бұл енді қайталанбауы тиіс» деген сөздерді
жаздыртыпты.

 Өткен ғасырдың
тоқсаныншы жылдары орыстың атағы жер жарған актері мен әншісі Игорь Тальков
«Россия» атты шерлі туындысымен Қазан төңкерісі және азамат соғ ысындағы
ұлтының қайғысын айна-қатесіз беріп, жұртты өзіне тәнті етті. 1991 жылы күзде
оны өлтіріп, Израильге қашып кеткен қылмыскер әлі де жауапкершілікке тартылған
жоқ. Көзқарасы жөнінен патшашыл-ұлтшыл Тальковтың өлімінің астарында да саяси
мән жатыр...