ВЕРНУТЬСЯ

        АҚШ пен Израильдың мұндай әрекетке баруы неліктен?
Біріншіден, мұсылман әлеміне жылдар бойғы өшпенділік, екіншіден, мұнай мен
газге аса бай Таяу Шығысты «ашса-алақанында, жұмса-жұдырығында» ұстау.Тіпті
екінші себеп біріншіден де басым болуы 
мүмкін.Үшіншіден, Батыс әлеміне көзге шыққан сүйелдей болып отырған
Иранды жан-жақтан қамалау мақсаты да бар. 11 қыркүйектегі жарылыстарды
пайдаланып, АҚШ пен Батыс алаңсыз жатқан Ауғанстанға соғыс ашты. Алайда
«Талибан» қозғалысын, Осама бен Ладенді, «Әл-Каида» ұйымын жойып жіберуге  мүмкіндіктері жетпеді. Ирак жөнінде де соны айтқан
жөн. АҚШ та, Батыс та мұсылман елдеріне телегей теңіз төгілген қан және
қайғы-қасірет әкелгенімен, енді өздері қазған ордан өздері шыға алмай әлек.
Ирак пен Ауғанстан АҚШ үшін екінші Вьетнамның орнын басты. Биліктен кеткен Д.
Буш соңына осындай «мұра» қалдырды...