ВЕРНУТЬСЯ

0 адам!

Өзіңе өзің қожасың ба?!

Түреміз қашан құлақ сөзі асылга?!

Қолымыз босап кетсе,

Бұл не пәле?

Ішеміз сырасын да,

Бозасын да!

Не дейсің қызуласың,

Мастасыңа?

Кемінде литр кеткен бас-басыңа!

Кәдімгі қолдан қуған жынды су да,

Лосьон, Одеколон,

Басқасы да!

Шелектеп ішіледі шарабың да!

Ағады арық болып арағың да!

Барлығы:

Адалың да,

Арамың да

Сіңгендей жоқ болады Қарақұмға!

Күні өтер төренің де,

Қожаның да!

Күні өтер арақ-шарап,

Бозаның да!

Пайдасы болса спирттің...

Қиналмай біз

Жанармыз лап-лап етіп тозағыңда!