ВЕРНУТЬСЯ

     Шопан, 
Диқан -
Еңбектің озаттары
-
Жасандылық
дегеннен азат бәрі.
Басылады көргенде
көзіме оттай
Бауырмалшыл
ауылдың қазақтары.
Заманы емес
айылдың,
Құйысқанның,
Самолетпен
Алдында күміс
таңның
Келеді олар құдалық
жолыменен,
Қазасына немесе
туысқанның.
Сол қазаға
қайысып қабырғасы
Отырады сыр тартып,
Тамыр басып.
Анда-санда бір көріп
астананы,
Автобустың ішінде
дабырласып.
Құрметтесең
әнменен,
Күйіңменен,
Шаруасы жоқ
олардың бұйымменен.
Үшеуі әрең сыяды
бір таксиге
Қорбаңдаған
қап-қалың киімменен.
Өлең айтып,
Күй шерткен
тамашада
Таң қалады қонаққа
бала-шаға.
Олар болса
Қаланың
қазақшасын
Отырады күлкі ғып
оңашада.
Олар үшін мекен
жоқ гүлді қырдай.
Өтеді олар қалаға
құлдық ұрмай.
Оғаштау боп кей
сәтте көрінеді
Өзге бір
галактика түрғынындай.
Сезінгендей
даласыз қор боларын,
Сағынады ауылын,
Ордаларын.
Оралады содан соң
тым асығыс,
Базарлыққа
толтырып дорбаларын.
Сол даламыз мені
де құндақтаған.
Туған жерсіз таң
атып,
Күн батпаған.
Көкжиекті ысырған
көздерімен
Қырдың қыран
қазағы қымбат маған.