ВЕРНУТЬСЯ

Ақиқат біраз жыл
жылапты,
Тұншығып батыр ұл,
Батыр қыз...
Өтірік ыстаған құлақты
Шындықпен
тазалап жатырмыз!
        Жиырма жыл
ішінде
Қайтсе де
Жақсы өмір
болмасы айқын-ды.
Ең үлкен өтірік
Әйтсе де
Ең үлкен
мінбеден айтылды!
Ақиқат біраз жыл
жылапты,
Тұншығып батыр ұл,
Батыр қыз...
Өтірік ыстаған құлақты
Шындықпен
тазалап жатырмыз!