ВЕРНУТЬСЯ


       Асыл ғой деп
сүйегі,
Ардағын ел
сүйеді.
Адалдығың
Арамның
Қытығына тиеді.
Бесте тісің
түседі,
Елуде ақыл
піседі.
Жомарттығың
Сараңның
Ішіне от боп
түседі.
Жан бітіріп құштарлық,
Жайнатады
қыштарды.
Қабілетің
Оятар
Қызғанышын
іштардың.
Қорғайсың сен
қауымды,
Теңізіңді,
Тауыңды...
Батырлығың
Бір минут
Ұйқтатпайды
жауыңды!
Тас жаратын
талабы
Талантқа көз
талады.
Іздемей-ақ
Мықтылық
Дұшпан тауып алады!