ВЕРНУТЬСЯ

Сондай-соңдай
бар
өмірде қызықтар.
Жатады мас тұмсығымен сүзіп қар.
Қуар болсаң,
Қан жалатып
кетеді
Құлақшының ала қашқан бұзықтар!
        Зердеміздің
шам-шырағы өше ме?
Есімде жоқ,
Солай ма еді
кеше де?!
Тағы да бір
маскүнем деп ойлайды,
Тұрғызбайды,
Құлап қалсаң
көшеде!
Сондай-соңдай
бар өмірде қызықтар.
Жатады мас тұмсығымен
сүзіп қар.
Қуар болсаң,
Қан жалатып
кетеді
Құлақшының ала
қашқан бұзықтар!
Жетпіс жылда осы
шыққан биігің!
Жігіт кезде
салбырайды иығың.
Капитанның
қалтасына түседі,
Қалдырса үйде
милиция киімін!
"Тәуба!
Тәуба!"-дей береді қарт адам.
Көңілі оның
қалған әбден ортадан.
Екі он сомдық
қарыз алып,
Кейбіреу
Екі мың сом ұтып
шығар картадан!
Ақсаусақтар ұқсайтұғын
сүлікке
Арқан тастап,
Болады ие
күлікке.
Безбен ұстап тұрған
адам -
Сатушы
Көзбояушы бола
алады циркке!
Түрлі тағдыр -
Түрлі тірлік
талабы.
Теңселеді
таразының табағы.
Қара тер боп түк
таппайсың,
Кейбіреу
Түк істемей
сенен артық табады!
Өмір! Өмір!
Өмір деген -
қайшылық!
Кешегі тал -
бүгін кескен жәй шыбық.
Құдығыңның суы
бірде тартылып,
Қара жерден
жатар кейде май шығып!