ВЕРНУТЬСЯ

-  Айналайын, көр де тұр,

Ау құруға ұстамын!...

Ұзындығы бір метр

Семіз сазан ұстадым!

Табаға сап қуырған

Тамақ осы бірдегі.

Балық екен бұйырған,

Біздің үйге жүр!- деді.

Белгілі не жегенім,

Қайттым үйге таңдана:

Сазан, сазан дегені

Дүкендегі камбала!