ВЕРНУТЬСЯ

    Тұлымды да
кекілді 
Тату үйдің
еркесі:
Немерелер Секілді
Әжейлердің
өркеші.
Көрмегеңдер
өкінді
Келінінің көжегін.
Бағасы пәс
секілді
Өркеші жоқ
әженің.
Жырқұмарлар
іңірде
Жиналар от
басына,
Өркештерін
бір-бірден
Қойып қойып
қасына.
Жылуы мен шуағы
Мәңгі өшпейтін
ошақта.
Ұйқтап олар
шығады
Өркештерін құшақтап.
Жас отаудың шырағы,
Жарқыраған шамы
әрі:
Ол өркештер тұрады
Екі-үш жылда
жаңарып.
Боз қыраулы
жауынды
Бар ғой талай
межелер...
Өсіретін ауылды
Сол өркешті әжелер.