ВЕРНУТЬСЯ

Бірің қазы,
Бірің сот -
Ұлықтарсың.
Алдарыңа қалай жұрт күліп барсын!
Күні түспес
ешкімге тірі жан жоқ,
Бір нәрсеге,
Біреуге
кіріптарсың!
Бәрі мұқтаж:
Малшы да,
Кеншілер де.
       Бірің қазы,
Бірің сот —
Ұлықтарсың.
Алдарыңа қалай жұрт
күліп барсын!
Күні түспес
ешкімге тірі жан жоқ,
Бір нәрсеге,
Біреуге
кіріптарсың!
Бәрі мұқтаж:
Малшы да,
Кеншілер де.
Балаларды қоя
бер, енші бер де!
Кітап жазсаң —
баспаға кіріптарсың,
Кіріптарсың
ауырсаң — емшілерге!
Кетіп қалдың қай
жерге шегіншектеп,
Өзің осы қалада,
Елің шетте.
Барам десең туысқа,
Кіріптарсың
Билет сатып
отырған келіншекке!
Көресіні көресің
пасықтан да!
Не түседі
жігітті жасытқанда!
Қол көтерсең,
Бұлданып
тоқтамайды —
Кіріптарсың
таксиге асыққаңда!
Қандай кемек
заңыңнан,
Ұраныңнан!
Бәрі өзіңдей,
Сенбесең,
Сұра мыңнан!
Кіріптарсың
кәдімгі слесарьге,
Көл-көсір боп су
кетсе краныңнан!
Ұры да бар...
Есікті құлыптарсың.
Ол ғой кілтке
кіріптар,
Біліп барсын.
Іштің екен —
араққа,
Айналайын,
Шектің екен —
шылымға кіріптарсың!
Кейде құдай тұтасың
мырықтарды.
Кім оп-оңай
бастыққа кіріп барды?!
Малайыңның
қолына билік тисе,
Талайыңды қояды
кіріптар ғып!
Өте сирек
жасалар дана қадам!
Ағайынның
жартысы шала надан.
Кіріптар боп
жылайды,
Күйінеді...
Кіріптар ғып,
Ләззат алады
адам!