ВЕРНУТЬСЯ

Адамның бірақ
ақылы сонда:
Өздері *
Жамандықты
айтып,
Жақсыға ғана
сенеді!
     Шөгеді бәрі,
Шөгеді бәрі,
Шөгеді.
Шағылдар анау - кешегі шалғыға шөп еді.
Сәулетіңді де,
Дәулетіңді де
көрген ж
ұрт
Шылыммен
қоса азабыңды да шегеді.
Өшеді бәрі,
Өшеді бәрі,
Өшеді.
Обалар анау -
Отырарың гой кешегі.
Кешегі сұлтан -
Бүгінгі ұлтан,
Көр де тұр:
Бүгінгі бақыт
басқа
ға ертең көшеді.
Тозады бәрі,
Тозады бәрі,
Тозады,
Тақ түгіл таудың қалады, қалса, тозаңы.
Жұмақ па керек?
Жұмағың
жердің бетінде,
Бетінде және тамұғы менен тозағы!
Семеді бәрі,
Семеді бәрі,
Семеді.
Сенеді бәрі,
Сөнеді бәрі,
Сөнеді.
Адамның бірақ
ақылы сонда:
Өздері *
Жамандықты
айтып,
Жақсыға ғана
сенеді!