ВЕРНУТЬСЯ

Жеріңді дұшпан
шаппаса,
Шалмаса мәңгі
жүзіңді өрт;
Ішіңді үңгіп
жатпаса
Қызғаныш деген қызыл құрт,
Бұл, достым, бақыт емес пё?!
     Жеріңді дұшпан
шаппаса,
Шалмаса мәңгі
жүзіңді өрт;
Ішіңді үңгіп
жатпаса
Қызғаныш деген қызыл құрт,
Бұл, достым, бақыт емес пё?!
Жүрегін ыза
өртеген
Жағаңнан алмай
өш кісің,
Күлімдеп тұрып ертемен,
Күрсінбей жатсаң
кешкісін,
Бұл, достым, бақыт емес пе?!
Өшпесе мәңгі
жаныңда
Өнеге тұтқаң өсиет;
Қараймай ақса
қаның да
Қанағат деген
қасиет,
Бұл, достым, бақыт емес пе?!
Гүл біткен ылғи
жолыңа,
Гүлдерден басқа
жоқ әнің.
Бір топта»
таңдап,
Бөліп ап,
Бағалап жатса
қоғамың,
Бұл, достым, бақыт емес пе?!
Қиянда өскен
киіктей,
Қалжыңшыл келсе
қүдаша,
Алқынып шыққан
биікте
Айналмай басың,
Шыдаса,
Бұл, достым, бақыт емес пе?!
Орденге толып
өңірің,
Өбектеп
атамекенің,
Қелесің білмей
өмірі
Тымаудың тіпті
не екенін,
Бұл, достым, бақыт емес пе?!
Жазылған әрбір
тармағың
Жадында жүрсе
еліннің,
Ата жау тістеп
бармағын,
Аузынан қайтсаң
өлімнің,
Бұл, достым,
бақыт емес пе?!
Болатын жырға тақырып
Батыр ма?
Сен бе —
Кім мықты?!
Айналып кетсең ақыры
Баламасына
шыңдықтың,
Бұл, достым, бақыт емес пе?!