ВЕРНУТЬСЯ

     Туған жерім - тұз
дейді 
Таңға ғашық бұл
кісі.
Күндіз қымыз
іздейді,
Іздемейді
жылқысын.
Бал қымызын
сімірген
Болмысым дер
Даласын.
Мал іздейді
іңірде,
Іздемейді
баласын!
Шығарады үнімен
Кеудедегі
дауылын.
Ән іздейді
түнімен,
Іздемейді ауылын.
Дарынсызда дауыл
жоқ,
Дәлдүрішті
отаңдар!
Дарындыда ауыл
жоқ,
Дарындыда Отан
бар!