ВЕРНУТЬСЯ

 
  Құлан да болған
бғл жерде,
Бғлан да
болған бұл жерде.
Құлан мен
бұлан қалмастай
Лаң да болған бұл
жерде.
Ауыл да болған
бұл жерде,
Қауым да болған
бұл жерде.
Ауыл мен қауым қалмастай
Дауыл да болған
бұл жерде!
Базарлар болған
бұл жерде,
Мазарлар болған
бұл жерде.
Халықтың көрген
түсіндей
Хазарлар болған
бұл жерде!
Гундар да көшкен бұл жерде,
Құмдар да
көшкен бұл жерде.
Қуанышпенен сыйыспай,
Мұңдар да
кешкен бұл жерде.
Тоғайың көшкен бұл жерден,
Ноғайың көшкен
бұл жерден.
Ногайдың орнын сипалап,
Ағайын көшкен бұл жерден.
Шаңдағың көшкен бұл жерден,
Қаңбағың көшкен бұл жерден.
Қаңбақты қуып шандатып,
Қалмағың көшкен бұл жерден!
Күмбез де болған
бұл жерде,
Мың көз де
болған бұл жерде.
Күмбезді мың көз
өртеген
Бір кездер болған
бұл жерде.
Азабың калған
бұл жерде,
Әз әнің қалған
бұл жерде.
Азабын косып әз энге
Қазағың калған бұл жерде...